Қазақстанның мемқарызы 1 мамырда Т12,3 трлн құрады
Алматы. 16 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның мемлекеттік қарызы Т12,3 трлн, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«1 мамырдағы жағдай бойынша жоспарланған мемқарыз деңгейі белгіленді, ол басқарылатын көлемде, қауіпсіз көлемде. Ол 12,3 трлн теңгені құрайды немесе ІЖӨ-нен 24,6% құрайды», - деді Т. Сүлейменов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, «жолдау аясында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі қазір атқарылуда».
Дереккөз: КазТАГ


