«Қазавиақұтқару» бас директоры тікұшақ сатып алу туралы келісімшартқа қол қойғаны үшін $100 мың пара алған деп күдіктелуде
Алматы. 17 шілде. Ақпараттар орталығы. «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков МИ-171Е тікұшақ сатып алу туралы келсімшартқа қол қойғаны үшін $100 мың пара алған деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы қалалық департаменті МИ-171Е тікұшақ сатып алу туралы келсімшартқа қол қойғаны үшін 50 мың АҚШ доллар түріндегі параның бір бөлігін шетелдік компанияның жетекшісінен алған соң ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков және ҚР АШМ «Қазавиаорманкүзету» РМКК бас директоры Сексенбаев Т.Т. полиция қолына түсті», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Бұл ретте параның жалпы көлемі 100 мың АҚШ доллары болғаны айтылады. Сот рұқсатымен күдіктілер қамауға алдынды, сотқа дейінгі тексерулер жүргізілуде.
Дереккөз: КазТАГ


