Қазкоммерцбанкте басқарма құрамы ауысты
Алматы. 4 шілде. Ақпараттар орталығы. «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесі банк басқармасының жаңа құрамын бекітті, аталмыш қаржы мекемесінің басшысы болып Ульф Вокурка тағайындалды, деп хабарлайды ҚКБ баспасөз қызметі. бұған дейін банкті Марк Хольцман басқарған еді.
Ақпарға сәйкес, «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 3 шілдеде басқарманың келесі мүшелерінің өкілеттілігі тоқтады: Марк Хольцман – басқарма төрағасы;
Искандиров Абай Мұқашұлы – басқарма төрағасының бірінші орынбасары; Әміров Рашид Өтебайұлы – басқарушы директор; басқарушы директор Дәрменов Асқар Ахмағамбетұлы, Ельцов Сергей Валерьевич, Инебеков Мұхит Қабылтайұлы, Қарақұлов Міржан Елдесұлы, Құсаинов Ерұлан Айташұлы, Давид Машури, Сүлейменов Мұрат Кеншімұлы.
«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарманың келесі мүшелері тағайындалды: басқарма төрағасы – Ульф Вокурка және басқарма төрағасының үш орынбасары – Ұлан Байжанов, Лариса Зданович және Жаннат Сатубалдина.
2017 жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ басқармасының құрамы келесідей болды: Ульф Вокурка – басқарма төрағасы; Байжанов Ұлан Сапарұлы – басқарма төрағасының орынбасары; Зданович Лариса Петровна – басқарма төрағасының орынбасары; Сартаев Дәурен Жанкісейұлы – басқарма төрағасының орынбасары; Сатубалдина Жаннат Сағандыққызы – басқарма төрағасының орынбасары; Жағыпаров Нұрлан Төлеужанұлы – басқарушы директор, басқарма мүшесі.
Басқарма құрамының жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен келісілуі тиіс.


