26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚазМұнайГаз Грузияда бес жұлдызды сауықтыру кешенінін ашты

20 қаңтар 2015 Қаралым: 1 169

Грузияның Ликани қаласында заманауи, бес жұлдызды «Риксос-Боржоми» сауықтыру және қонақ үй кешенінің  ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз ұлттық комапниясы.

Бұл тамаша табиғат аясындағы курорт бұрынғы Кеңес Одағына кеңінен танымал болған грузиялық  Боржоми-Ликани денсаулық орнына салынды.

2011 жылдың қазанында «Borjomi Likani International» біріккен қазақ-грузин кәсіпорны құрылып, оның құрамына «ҚМГ-Сервис Тбилиси» және «PartnershipFund» Грузия Әріптестік қоры кірді. Сауықтыру кешенінің құрылысы 2012 жылы басталып, 2014 жылдың соңында аяқталды.

Жалпы көлемі 22,5 мың шаршы метр болатын 152 орындық бес жұлдызды отель, мейрамханалар мен мәжіліс залы, бассейндер, СПА және фитнес-орталық енді саяхатшыларға қызмет ететін болады. Риксос-Боржомида сонымен бірге тамаша емдеу-профилактикалық кешен мен медициналық орталық бар. Кешен жұмысын белгілі «Риксос» жүйесі жүргізетін болады.