ҚазМұнайГаз ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу туралы ұсынысын кері қайтарды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ тәуелсіз директорлары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясынан ҚМГ БӨ еркін айналымдағы қарапайым акцияларын бір ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) үшін 18,50 АҚШ доллары бағасында сатып алу мүмкіндігі туралы ұсынысын кері қайтарғаны туралы хабарлама алғанын жариялайды», — деп хабарлайды компанияның жұршылықпен байланысатын департаменті.
2014 жылдың 25-ші шілдесінде ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы жарияланғаннан кейін, ҚМГ БӨ тәуелсіз директорлары барлық тараптарды қанағаттандыратын мәмілеге келу үшін ҚМГ ҰК және оның кеңесшілерімен жұмыс істеді.
Желтоқсан айында ҚМГ БӨ тәуелсіз директорлары ҚМГ ҰК-ға бір ҒДҚ үшін 18,50 АҚШ долларын ұсынуға дайын екендіктерін жеткізген. Алайда, бұдан кейін де ҚМГ ҰК-мен 2014 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу және олардың мөлшерін талқылау жалғасты.