26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Қазпошта» АҚ 2014 жылғы табысының бір бөлігі мекеме қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған

8 апреля 2015 Қаралым: 1 906

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін «Қазпошта» АҚ табысын арттыру керек. Өткен жылмен 2013 жылды салыстыратын болсақ, былтыр біз 2,5 млрд. теңге артық кіріс жасадық. Осы қаржының ішінен өндірістік қызметкерлердің еңбегін төлеу қорын өсіруге 2,2 млрд. теңге бағытталды. Яғни, норманың үстіндегі табыстың 95% өндірістік қызметкерлердің айлығын арттыруға жұмсадық», — деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ 22 мың адам қызметші бар, оның 50% ауылдық жерде жұмыс жасайды.