29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазпошта ҚР ҰОК 25 жылдығына марка шығарды

2 наурыз 2017 Қаралым: 2 394 Спорт
АО "Казпочта"
Фото: АО "Казпочта"

Алматы. 2 наурыз. Ақпараттар орталығы. «Қазпошта» АҚ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне 25 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының пошталық маркасын басып шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Марка өлшемі 28 х 40 мм.  Маркада ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылды. Пошта маркасының номиналы 100 теңге. Таралымы 7504 дана. 

"Спортшыл қоғамның атынан, еліміздегі олимпизмнің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз" — деп ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин алғысын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетi 1990 жылдың 3 ақпанында ұйымдастырылған және 1992 жылы Халықаралық Олимпиадалық Комитетінің құрметіне ие болды. ҚР ҰОК миссиясы Қазақстан Республикасы аймағында Олимпияда қозғалысын дамыту және қорғау болып табылады. 

Тағы оқыңыз