26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚазТрансГаз және Газпром Қырғызстандағы магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін арттырмақ

3 наурыз 2015 Қаралым: 1 203

«ҚазТрансГаз» АҚ және «Газпром» ААҚ компанияларының өкілдері Алматы және Алматы облысының тұтынушыларын газбен тұрақты қамтамасыз ету үшін «Бұхара газды ауданы Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбыры (МГҚ) қырғыз учаскесінің өткізу қабілетін арттыру мәселелесін талқылады, деп хабарлады компанияның баспасөз-қызметі.

Қазіргі уақытта магистральдық газ құбырының техникалық жай-күйі және Қырғыз Республикасының аумағындағы «Сокулук» компрессорлық станциясындағы (КС) газ айдау агрегаттары аталған құбырдың өткізу қабілеттерін шектеп отыр. Құбырдың осы учаскедегі өткізу қабілеті бар-жоғы сағатына 250 мың м3 құрайды, ол газға деген қажеттілік тұтынудың ең шекті кезеңінде шамамен сағатына 450 мың м3 құрайтын серпінді дамып отырған Алматы мен Алматы облысының қажетілігін қанағаттандырмайды.

Осыған орай тараптар іс-шаралар тізбесін әзірлеуге және МГҚ өткізу қабілетін арттыру жөнінде жұмыстарды орындау мерзімдерін белгілеуге келісті. Тексеру нәтижелері бойынша «Газпром Кыргызстан» ААҚ өткізу қабілетін сағатына 450 мың м3 дейін арттыру мақсатында магистральдық газ құбырының учаскесін жөндеу және «Сокулук» КС жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл ретте Қазақстан шекарасынан «Сокулук» КС дейін ұзындығы 62 шақырым жаңа газ құбырын салу мүмкіндігі де қарастырылуда.

Жобаны іске асыру екі тараптың да мүдделеріне жауап береді және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді. «Газпром» ААҚ үшін жоба осы елдің газбен жабдықтаудың Бас сызбасын іске асыру шеңберінде Қырғызстан тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді, дейді баспасөз-қызметі.