26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚазҰУ СНПС-Ақтөбемұнайгаз базасында ғылыми жұмыстар өткізіп жатыр

17 наурыз 2016 Қаралым: 1 941

Алматы. 18 наурыз. Ақпараттар орталығы. Ақтөбе облысының әкімдігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары білікті мамандар дайындау бойынша күшті үйлестіру және болашағы бар ғылыми әзірлемелерді енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады, деп хабарлады «Ақтөбе Ақпарат».

Хабарда айтылғандай, меморандумға сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Ақтөбе облысының кәсіпорындарында алынған нәтижені экономиканың нақты секторына енгізу мақсатымен ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүзеге асырады.
2016 жылдың ақпанында аталмыш университет ғалымдары қажеттіліктерімен және болашағымен танысу үшін 21 ақтөбелік кәсіпорынды аралады. Бүгінгі таңда 14 кәсіпорын мен мекеме базасында ғылыми жұмыстар жүргізу туралы алдын-ала келісімдерге қол жеткізілді, оның ішінде «Қазхром» ТҰК» АҚ мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ да бар.
Сонымен қатар, білімді, ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында ҚазҰУ Ақтөбедегі екі мектептің басшылығын өз мойнына алды, ол балалардың үлгерімін көтеріп, жоғары класс оқушылары арасында кәсіптік бағдар жұмыстарын жақсартуға көмектесуі керек.
Сонымен қатар ғалымдар Ақтөбе облысындағы Жас ғалымдар кеңесімен тығыз байланысты жолға қоюға ниетті. Ғылымның ізіне түскен 66 адамның басын қосқан Кеңес ағымдағы жылдың ақпан айында құрылған, мақсаты – Ақтөбе облысындағы жас ғалымдардың кәсіби өсуін қарқынды ету, өзекті ғылыми жобаларды, идеяларды, инновацилар мен технологияларды әзірлеуде күштерін біріктіру, сондай-ақ ғылым саласындағы басым міндеттерді шешу.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Технопаркінің қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Зерек» Технопаркімен ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісім жасалды.
«Жалпы Ақтөбе облысы әкімдігі мен Әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында жасалған меморандум болашақта өңірде «Ғылым-Білім-Өндіріс-Билік» кластерін дамытуға оң ықпал етеді», — делінген хабарда.