26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚДБ өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыруға 50 млрд. теңге бағыттаған

2 апреля 2015 Қаралым: 1 336

ҚДБ ұзақ мерзімді несие қаражаты «Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ) АҚ несие келісімдерін бекітіп он екі екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арасында үлестірілген, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Жеңілдікті қаржыландыруды химия және металлургия, азық-түлік, сусын, киім-кешек, қағаз бұйымдар, жиһаз, кокс және қайта өңделген мұнай өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек және т.б. өндіру өнеркәсібіндегі кәсіпорындар алады.

Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатының ең көбі 50% жаңа жобаларды қаржыландыруға, ең көбі 25% — бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және ең көбі 25% — айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген соңғы несие алушыларға несие беру шарттары атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 6%, жаңа жобаларға несие беру мерзімі – 10 жылға дейін, несие валютасы – теңге, негізгі қарыз сомасын төлеу бойынша жеңілдікті кезең – ең көбі 24 ай, бір несие алушыны қаржыландыру шегі – 200 млн. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін.

Несие қаражатын игеру мерзімі инвестициялық мақсаттарға берілетін несиелер бойынша – 12 ай, айналым қаражатын толықтыру және ЕДБ бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру мақсатына – 6 ай. ҚДБ несие қаражатын игеру барысы мен оны мақсатты пайдаланудың үнемі бақылауын жүргізіп отырады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген 50 млрд. теңге көліміндегі Ұлттық қордың бірінші траншы ҚДБ-ға «Бәйтерек» Холдингісінен 2014 жылдың желтоқсанында түскен. Ағымдағы жылдың 26 наурызындағы жағдайда бірінші транш қаражатынының есебінен 9 коммерциялық банк жалпы сомасы 20,3 млрд. теңгені құрайтын 15 жобаны мақұлдаған. 8 жоба бойынша 4,4 млрд. теңгеге қаржыландыру басталған.