Қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігі туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігін мәлімдейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүзеге асырады. Айырбастау пункттері екінші деңгейдегі банктердің тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген.