26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қостанайда сот Викторя Ганяның өліміне айыпты адамды өмір бойы бас бостандығынан айырды

5 марта 2015 Қаралым: 908

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 1983 жылы туған Денис Лесниковқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2011-ші 2014 жылдар аралығында Лесников бес ұрлық жасаған, кәмілеттік жасқа толмаған баланы ұрлап, кәмілетке толмағандарға қатысты екі зорлық жасаған және 4 кісіні өлтірген.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған кәмілеттік жасқа толмаған бірінші сынып оқушысы Виктория Ганяны ұрлау және өлтіру ісі де оның еншісінде. Жақындары, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер іздеген баланың өлі денесі бір айдан соң табылған болатын.

Сот үкімімен Лесников аталған қылмыстарды жасауда айыпты деп танылып, оған ерекше тәртіптегі түзету колониясына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады баспасөз қызметі.