ҚР энергоминистрлігінде дизель отынын жеткізудегі кедергілерді түсіндірді
Астана. 23 қараша. Ақпараттар орталығы. Қазақстан энергетика министрлігінде дизель отынын жеткізудегі кідіріс себептерін түсіндірді.
Хабарда айтылғандай, ағымдағы жылғы қыркүйек- қазан айларында жинау жұмыстарын дизельдік отынмен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ) күрделі жөндеу жұмысы едәуір кеш мерзімге ауыстырылды.
«Атмосфералық ауа температурасының төмендігінің салдарынан зауыттың жоспарлы жұмыс режиміне шығуы әрі қарай жалғасуда. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігінде, оның ішінде Алматы және Алматы облыстарында ЖЖМ жеткізуде кідірістер болды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Алайда қазір жағдай реттелуде және жуықта тұрақты жеткізу жұмысы қалыпқа келтірілетін болады..
Ведомствоның баспасөз қызметінде хабарлағандай, барлық жоспарлы жөндеу жұмыстарының ҚР энергетика Министрлігімен бекітілген, жоспарлы-алдын-алу жұмыстарының кестесінен 3 тәулік бұрын, яғни 2016 жылғы 9 қарашада аяқталғандығын, еске саламыз.
Осы кезеңде: технологиялық жабдықтарды, құбырларды, өндірістік пештерді, сорғы-компрессорлық түйіндерді, кабельдік желілерді, электр жабдықтарды, бақылау-өлшеу-аспаптарын және негізгі және көмекші құрылғылардың автоматикасын техникалық куәландыру және жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмысы кезінде зауытты жаңғырту жобасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша жаңа құбырларды және байланыстырылған жабдықтарды монтаждау, жаңа технологиялық желілерді бар құрылғыларға кіріктіру және қосу жүргізілді.
«Осы ретте ЖЖМ нарығында тапшылықтың жоқ екендігін және дүрлігуге негіздің жоқтығын атап өтеміз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша бензин қоры – 100 мың тоннаны, дизельді отындар қоры – 180 мың тоннаны құрап отыр. ҚР-ғы үш ірі МӨЗ-ның барлығы ЖЖМ өндіруді ұлғайтуда», - делінген хабарда.


