26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР-ның кітапханалық кітап қорын 5 жылда толығымен цифрлау жоспарлануда

20 сәуір 2016 Қаралым: 1 943
ҚР-ның кітапханалық кітап қорын 5 жылда толығымен цифрлау жоспарлануда
Алматы. 21 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2020 жылға қарай ұлттық кітапхананың кітап қорын 100% цифрлауға жеткізу жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін Сенат комитетінің отырысы барысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

«2020 жылға қарай ұлттық кітапхананың кітап қорын 100% цифрлауға жеткізу жоспарланған», - деді А.Мұхамедиұлы.
Ол еске салып өткендей, қазіргі уақытта «Сандық Қазақстан-2020» жаңа бағдарламасын жасау жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, 2025 жылға дейін виртуалды музейлер желісін құрып, барлық музей қорларын, концерттер жазбаларын, материалды және материалды емес тарихи-мәдени мұраның маңызды элементтерін электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр.

«Біздің басты міндетіміз - мәдени мұраны сақтап, дәріптеу және бәсекеге қабілетті және танымал мәдени өнімді құру», - деп атап өтті министр.

Оның пайымынша, музей тарихи-мәдени мұраны заманауи форматта кеңінен дәріптеу және түсіндіру мақсатында ғылыми ғимараттардың, университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың өзара іс-қимылының және ынтымақтастығының орталығы болуы тиіс.

«Шетелдіктер арасында ғана емес, қазақстандық туристердің арасында да жоғары қызығушылыққа ие музей-қорықтардың туристік әлеуетін дамытуға баса көңіл бөлінеді», - деді ведомство басшысы.