26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР қаржы жағдайын Ұлттық банк басшысы 90 жылдардағы жағдаймен салыстырды

14 апреля 2016 Қаралым: 1 988
ҚР қаржы жағдайын Ұлттық банк басшысы 90 жылдардағы жағдаймен салыстырды

Алматы. 14 сәуір. Ақпараттар орталығы. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев еліміздегі бүгінгі қаржы жағдайын өткен ғасырдағы 90 жылдармен ұқсас деп мәлімдеді.

Д. Акишевтың айтуынша, «Ұлттық банкке деген сенімді қайтару, жалпы кез келген адамның беделін қалпына келтіру сияқты ұзақ уақытты қажет етеді».

«Алайда жол кішкентай қадамдардан басталады. Мүмкін біз 90 жылдардағы жолдарды қайта жүріп жатқан шығармыз, ол кезде теңге долларға шаққанда он еседен астам құнсызданған болатын», - деп баспасөз қызметі Ұлттық банк басшысының сөзін келтірді.

Сонымен қатар Д. Акишев, әлеуметтік желілерде әр шешім сыңалып, қатаң бақылауда болатынынан қорықпадыңыз ба деген сұраққа «әр адамның өзіндік пікірге құқығы бар», деп жауап берді.

«Егер оған Ұлттық банктың саясаты немесе басшылығы ұнамаса – ол оның құқығы», - деп түсіндірді Д.Акишев. – Әрине сыңның орынды болғаны дұрыс, бұл бізге не үшін сыңалып жатқанымызды және оны қалпына келтіруді ойластыруға итермелейді».