26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қызылордада күн электр станциясының құрылысы басталды

16 ақпан 2015 Қаралым: 1 026

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Жалпы облыстың энергияға қажеттілігі 54 МВт құрайды.

«Мемлекет басшысы жел, күн электр энергиясы инновациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сондықтан біз облысымызды таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз», -деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баламалы энергетика саласында жұмыс істейтін бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесу барысында.

Электр қуатын экологиялық табиғи әрі таза жолмен алатын станцияның құрылысын «Bas energy» компаниясы мердігер мекемесі бастамақ. 2016 жылға қарай құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 65 млн тенгеніқұрайды. Құрылыс барысында 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.