Рахат Әлиев Австрия түрмесінде қайтыс болған
Австриялық Kurier басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев камерада асылып қалған күйінде табылған. Әлиевтің адвокаты оның өз-өзіне қол салды дегенге күмән келтіреді.
Рахат Әлиев 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарды. 2008 жылы ол Қазақстанда ауыр қылмыстар жасағаны үшін: отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны — 40 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот үкімі сырттай шығарылған болатын.
Рахат Әлиев 2014 жылдың 5 маусымында Венада ұсталған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға «Нұрбанк» АҚ топ-менеджерлерін ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлаған еді.