Ресейлік «ЕуроХим» компаниясы Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіретін кешен салмақ
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев және «ЕуроХим» МХК» АҚ бас директоры Дмитрий Стрежнев «Жамбыл обылысында жылына 1 млн. тоннадан кем емес көлемде минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша зауыт құрылысы» жобасын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Д.Стрежневтің айтуынша, компания жобаның бірінші кезеңіне сәйкес карьер жанындағы өнеркәсіптік алаң бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтаған, байыту кешенінің бірінші кезекті объектілерінің құрылысы басталған, пайдалануға беру 2015 ж. қыркүйегіне жоспарлануда.
Екінші кезең – Жаңатас қ. фосфатты қайта өңдеу Химиялық кешенінің (ХК) құрылысы бойынша – компания химиялық кешенді жобалауды аяқтаған. 2015 жылы 3 тоқсанында жобаны мемлекеттік сараптамаға тапсыру және биыл ХК объектілері құрылысын бастау жоспарлануда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ХК құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Ол 300 мың тонна NPK тыңайтқыштарын, 600 мың тонна калий сульфатын, 660 мың тонна фосфат дикальциясын, 1 200 мың тонна гипс, 390 мың тонна кальций хлоридін және 120 мың тонна магний сульфатын өндіреді. Жобаға шамамен 150 млн. АҚШ доллары инвестиция салынған.