26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Республикада құбылмалы ауа райы сақталады

27 ақпан 2017 Қаралым: 1 596 Ауа райы

Алматы. 27 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстандағы ауа-райын - алдағы үш тәулік бойы Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондарға байланысты болатын, атмосфералық фронтар анықтайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында боран және желдің күші 15-20 м/с соғып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

«Осы фронттардың тылынан антициклон жылжып келеді, сондықтан үшінші күні температура төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады», - деп хабарлады синоптиктер.

Тағы оқыңыз