26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Республикада ақпанда тұрғын үйдің сату бағасы 0,2 пайызға өскен

5 наурыз 2015 Қаралым: 988

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарлауынша, 2015 жылғы ақпанда алдыңғы аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйдің бағасы 0,2%, ал жалға алу төлемі 0,4% өскен.

ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша, биылғы қаңтар-ақпандағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 23 666 құраған.

Тек өткен айдың өзінде сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 282 құраған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 7,9 % артқан. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1% өскен.