Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады
Алматы. 12 шілде. Ақпараттар орталығы. Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ауа температурасы +22+24 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, күн ашық, 0-5 м/с жел соғады, +31+33 градус.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с, ауа температурасы сәйкесінше, +20+25, +17+22, +18+23 және +20+25
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы күндіз сәйкесінше, +22+27 және +25+30.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді, кей жерлерде 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, сәйкесінше, +30+35, +28+33 және +26+31. Алматы облысының аймақтарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +27+32.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қзаақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз сәйкесінше, +30, +27, +25 және +25.
Күндіз Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.
Дереккөз: КазТАГ


