26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

14 маусым 2017 Қаралым: 1 984 Ауа райы
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана.14 маусым. Ақпараттар орталығы. Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, екпінді жел күтіледі, шаңды дауыл соғады, тұман, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада көшпелі бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, +31+33.

Алматыда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 10 м/с болады, +28+30.

Ақмола, Қостанай облыстарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-22 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +28+33 және +24+29. Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-22 м/с жел тұрады, +23+28. Павлодар облысында күн ашық, +27+32.

Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-22 м/с жел тұрады, +26+31. Шығыс Қазақстан облысында күн ашық, +28+33.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді; ОҚО-да кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, Жамбыл облысында 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді, ертеңгісін және күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы өңірлерде сәйкесінше, +28+33, +32+37, +33+38 және +30+35.

Маңғыстау облысында синоптиктер жауын-шашын болмайды деп болжауда, ертеңгісін кей жерлерде тұман, +25+30. Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, +27+32. Батыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, +20+25.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз