29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сауд Арабиясы Қазақстаннан ет өнімдерінің жеткізілуіне мүдделі

25 сәуір 2017 Қаралым: 2 518 Экономика,  Әлемде,  Бизнес
пресс-службы МИД РК
Фото: пресс-службы МИД РК

Алматы. 25 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сауд Арабиясына сапар барасында әріптесі Адель аль-Джубейрмен және Энергетика, өнеркәсіп, минералды ресурстар министрі Халед аль-Фалехпен, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция жасайтын Сауд Арабиялық компания басшыларымен келіссөздер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ 
Кездесуде  Қ.Әбдрахманов министр әріптестерімен жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыруды талқылады.

"Екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде оны жандандыру үшін ең перспективті салалар ретінде мұнай-химиясы, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдық жобалары аталды. Бұл бағыттар 2016-2017 Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасында көрсетілген", - деп атап өтті ҚР СІМ.

Хабарда айтылғандай Қазіргі уақытта Астана қаласында осы жылдың екінші жартысында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Эр-Риядта ауыл шаруашылығы секторына, атап айтқанда, Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында сауд инвесторларының қатысуымен жаңа құс фабрикасын сатып алу ірі жобасы жүзеге асырылуда.

Тараптардың ортақ пікірінше, Сириядағы қақтығыс және оны қарулы күшпен шешу бағамының одан әрі жалғасуы барлық тараптар үшін жеңіліске әкелетін нәтижесіз жол болып табылады.

ҚР СІМ еске салғандай, корольдіктің өтелмейтін қаржылық көмек есебінен Парламент Сенатының ғимараты және Астанадағы кардиохирургиялық орталық, Осакаровка – Вишневка тас жолы, Семейде туберкулезге қарсы балалар ауруханасы, Петропавл қаласында мешіт салынды. 2016 жылы қазанда Сауд Арабиясы тарапынан Астанадағы «Ана мен бала орталығы» бағалы медициналық жабдықтарды табыс етілді.

25 сәуірде Қ. Әбдірахмановтың Сауд Арабиясы мен Кувейт елдерінің өңірлеріне жұмыс сапар бағдарламасы жалғасады.

Дереккөз: МИД РК

Тағы оқыңыз