26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сауда саласы Қазақстан экономикасындағы ең көп несиелендірілетін салаға жатады

15 мамыр 2016 Қаралым: 1 914
Сауда саласы Қазақстан экономикасындағы ең көп несиелендірілетін салаға жатады

Алматы. 16 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан экономикасында банктер несиесінің көп сомасы сауда саласына тиесілі – несиенің жалпы көлемінің 20,7%-ы, деп хабарлады ҚР Қлттық банкінің баспасөз қызметінен.
 

ҚР ҰБ ақпарынша, салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,7%), өнеркәсіп (13,5%), құрылыс (8,0%), ауыл шаруашылығы (5,8%) және көлік (5,0%) сияқты салаларға тиесілі.
 

«Ал Қазақстандағы заңды тұлғаларға беретін несие көлемі 2016 дылдың наурызында 0,2%-ға көтеріліп, 8 491,5 млрд теңгеге жеткен, жеке тұлғалардікі - 1,6% төмендеп 3 995 млрд теңгеге жеткен. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы бір айда 32,4%-дан 32,0%-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті Ұлттық банкте.
 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2016 жылғы наурызда 2 490,0 млрд. теңгеге дейін 6,6%-ға ұлғайды немес экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінен 19,9%.
 

2016 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,0% , жеке тұлғаларға 18,3% болды.
 

Жалпы, банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2016 жылғы наурыздың соңында 12 486,5 млрд. теңге болды. 2016 жылғы наурыздың соңында ұзақмерзімді кредиттеу 10 298,1 млрд. теңге, қысқамерзімді – 2 188,4 млрд. теңге болды.