Сенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Алматы. 1 шілде. Ақпараттар орталығы. Сенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республика бойынша кей жерлерде тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +24+26 градус.
Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, +29+31 градус.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, сәйкесінше +21+26 және +20+25. Павлодар облысының аумағында жаңбыр, кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, +23+28. Қостанай облысында жауын-шашын күтілмейді, 15-20 м/с жел тұрады, +20+25 градус.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, сәйкесінше, +22+27 және +27+32
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жауын жаумайды, сәйкесінше, +31+36, +34+39, +30+35 және +27+32; Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Қызылордада, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыссы болады.
Күндіз Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алдағы күндері елдің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.
Дереккөз: КазТАГ


