«Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 5000 астам студент оқыту жоспарланған
Бұл туралы Астанада болған «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«Өткен жылы «Серпiн – 2050» бағдарламасы бойынша кадрлар тапшылығы бар аймақтарға 2050 адам жібергенбіз, биылғы жылы бұл көрсеткішті кем дегенде 5 000 жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Б.Сапарбаев.
«Серпiн – 2050» бағдарламасы Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бағдарлама аясында жұмыс күші көп аймақтардағы жастар еңбек күші тапшы облыстарға оқуға және жұмыспен қамтуға жіберіледі.