26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады

27 маусым 2017 Қаралым: 2 168
Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады

Алматы. 27 маусым. Ақпараттар орталығы. Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада құбылмалы бұлтты, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан басталып, солтүұстік-шығысқа ығысатын 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +24+26 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, түс ауа күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, 2-7 м/с жел соғады, +30+32 градус.

Ақмола, Павлодар облысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, сәйкесінше, 15-20 м/с және 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +21+26 және +23+28 градус. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең тұман түсіп, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +22+27.

Қостанай облысында күн ашық, +23+28.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +23+28 және

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32 және +30+35. Қызылорда облысында жауын күтілмейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +28+33.

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +30+35.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қзақастан және Ақтөбе облысында жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +32, +33, +30 және +30 градус. Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады,

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Отүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ