Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады
Алматы. 11 шілде. Ақпараттар орталығы. Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +22+24 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, күн ашық, 0-5 м/с жел соғады, +32+34 градус.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25 градус. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жауын жауады, кей жерлерде күн күркіреп, таңертең тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал, +20+25.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +24+29 және +25+30; Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, осы өңірдегі ауа температурасы +32+37 болады. Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды боран соғады, +32+37. Алматы облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +31+36.
Маңғыстау облысында жауын жаумайды, +25+30. Атырау Батыс Қазақастан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +20+25 градус; Атырау облысында 15-20 м/с жел тұрады, Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +20+25.
Күндіз Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Отүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады, оңтүстік-шығыстың жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі.
Дереккөз: КазТАГ


