26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде

18 шілде 2017 Қаралым: 1 911
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде

Алматы. 18 шілде. Ақпараттар орталығы. Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде, тек батысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада ала бұлтты, ертеңгісін және күндіз күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +22+24 градус шамасында.

Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, +28+30 градус.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерінде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +25, +24 және +25. Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, +22+27.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы сәйкесінше, +20+25 және +23+28 градус.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын күтілмейді, сәйкесінше, +30+35, +32+37 және +32+37 +25+30. Алматы облысының таулары мен тау маңдарында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +27+32.

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақастан облыстарында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +32+37, +34+39 және +33+38. Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, +28+33.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың және шығыстағы таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ