29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарының ірі партиясын аулаған браконьерлерді ұстады

20 қазан 2016 Қаралым: 2 553 Экономика,  Бизнес,  Құқық
Шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарының ірі партиясын аулаған браконьерлерді ұстады

Алматы. 20 қазан. Ақпараттар орталығы. Каспий теңізінің айдынындағы браконьерлік іс-қимылды ауыздықтап, оның байлығын сақтауға арналған арнайы біріккен жедел-сауықтыру іс-шарасының ІІ кезеңі жалғасу үстінде, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.  

Хабарда айтылғандай, өткен тәулік ішінде «Жағалау күзеті» мен «Батыс» өңірлік басқармаларының шекарашылары Қазақстан мен Ресейдің бірқатар азаматтарын ұстады. Нәтижесінде бағалы балықтар мен аулау құралдары тәркіленді. 

Атап айтқанда, «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. Одан 36 дана бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ, 3 жүзу құралы – 2 «казанка» мен 1 резина қайығы, сондай-ақ, 11 000 метр тор, 1000 қармақ, 300 метр құрал-жабдықтар тәркіленді.

 Осы күні «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, одан 423 дана сазан тәркіленді.  

Тағы оқыңыз