26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Шелл» концерні Қазақстанда халықаралық деңгейге сай алғашқы геохимиялық зертханасын ашуға көмектесті

15 сәуір 2015 Қаралым: 1 945

Атырау қаласында, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС-да ҚР Үкіметінің және мұнай-газ секторының жетекші компанияларының өкілдерінің қатысуымен жаңа геохимиялық зертхана ресми түрде ашылды, деп хабарлайды «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» компаниясының Сыртқы тараптармен жұмыс бөлімі.

Жаңа геохимиялық зертхана геологиялық барлау, игеру және өндіру саласында инновациялық геохимиялық зерттеулер жүргізетін болады. Зертхананың жұмысында стандартты зерттеулерден басқа Қазақстанда осы саланың өзекті проблемаларын шешуде маңызды рөл атқаратын жаңа технологиялардың сан-алуан түрлері, оның ішінде геохимиялық «фингерпринтинг» (дактилоскопия) пайдаланылатын болады.

Осы жаңа технологияларды және «ноу-хауды» пайдалану кен орындарын игеру бағдарламаларында олардың экономикасын жақсарту, пайдалану мерзімін ұзарту, дебиттерді ұңғылардың аз қорымен және барынша аз шығындармен көбейту мақсатында пайдалануға болатын, сапа тұрғысынан жаңа деректер алуға мүмкіндік береді.

«Шелл» концерні «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС-на тегін берілетін жаңа қондырғыларды сатып алуға қаржы бөлген, оларды іске қосу, бапқа келтіру жұмыстарын жүргізген және жергілікті мамандарды оқытуды ұйымдастырған. Жаңа зертханалық кешен «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС пайдалануына толық дайын күйінде берілген.

«Шелл» концерні жаңа қондырғылармен тиімді жұмыс істеу және талдамалы міндеттерді орындау үшін сараптамалық қолдау және зертхана қызметкерлерін мамандандырылған оқыту да ұсынады. Оқыту 2015 жылы бірнеше кезеңмен жүргізілетін болады. 2015 жылдың соңына қарай «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС халықаралық деңгейдегі коммерциялық қызметтер көрсетуді бастай алады деп жоспарлануда.