Шенеуніктерді «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын қалай жүзеге асыру керектігіне оқытады
Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Тамара Дүйсенова хабарлады.
«Министрлік 2015 жылдың 15 наурызынан бастап ауыл округтерінің әкімдерін және Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысшыларын тоқсан сайын қашықтықтан оқытуды ұйымдастырмақшы, кейін олардың «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы білімдері бағаланады», — деді Т. Дүйсенова.
Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап «Жұмыспен қамту» Ақпараттық жүйесі базасында Жұмыспен қамту орталықтарының және аудандар мен қалалар әкімдерінің жұмыс рейтингісі енгізіледі.