26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ШҚО-да Еуропаға оқуға бару үшін дәрігерлер ағылшын тілін үйренуде

29 февраля 2016 Қаралым: 1 934
Алматы. 29 ақпан. Ақпараттар орталығы. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Германия, Австрия, Испания университеттерінде 6 ай оқу үшін жергілікті дәрігерлердің оқуы мен тәжірибесіне 340 млн теңге бөлді, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан.
Хабарда айтылғандай, облыс үшін мамандарды туберкулезді, журек аурулары мен онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу бойынша оқыту барынша маңызды болып отыр.
2015 жылы біліктілігін арттыру курсынан 3723 маман өтті. Оның ішінде онкологилық ауруларды ерте кезден анықтау бойынша 500-ден астам маман, туберкулезді – 1500-ге жуық, өткір қан тамырлары синдромын енгізу тактикасы бойынша 225 дәрігер мен 310 орта медициналық қызметкер өтті.
«Басты мндет – кадр әлеуетін дамыту. Бізде жақсы құрал-жабдық бар. Қазіргі таңда біздің дәрігерлер ағылшын тілін үйренуде. Сосын олар жарты жыла оқуға шетелге жол тартады. Қазір медицинадағы басты сфера біз үшін онкология мен балалар ауруы», — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Ол аудандық ауруханаларды да орташа еуопалық деңгейге дейін жабдықтау қажеттігін атап өтті. Алыс ауылдарда тұратын адамдарға емделу үшін үнемі аудан орталығына бару қиын.
2015 жылы ШҚО ауруханаларында облыстың 1300 тұрғыны жоғары білікті медициналық көмек алды. Ашық жүрекке 340 ота жасалған.
Хабарда айтылғандай, былтыр облыста 10 денсаулық сақтау нысаны іске қосылған. Ол орталық қан орталығы, Өскемендегі оңалту орталығы, Семей қаласындағы жедел және шұғыл медициналық станциясы, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория.
Әкімнің айтуынша, мамандандырылған емханалар салу керек. Мәселен, ақ қанды емдеу бойынша елде бірде-бір денсаулық сақтау мекемесі жоқ.
«Облыста еуропалық медициналық стандартқа 100 % жауап беретін емхана салу бойынша жоба дайындалып жатыр. Бізге медициналық кластер жасау керек, яғни медициналық емдеудің бір түрі екіншісін шеше алатындай болу .үшін. Мәселен, оңалту орталығын құру мамандандырылған емхана жасаумен бірге жүзеге асырылуы керек», — деді Д. Ахметов.
Хабарда айтылғандай, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша «Жаңару» бастамасының аясында өңірлердегі 76 отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен ФАП-тарды жөндеуге қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.