Шығыс Қазақстанда бұрқасын салдарынан жолдарда көліктер тұрып қалды
Алматы. 25 қараша. Ақпараттар орталығы. Кешегі қардан кейінгі бұрқасын өзін көп күттірмеді. Республикалық және облыстық маңыздағы үш тас жолдың жабық болғанына қарамастан, құтқарушылар азаматтарды эвакуациялап, оларға ілесіп жүрулеріне тура келді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда көрсетілгендей, Рассыпное ауылы мен Усть-Таловка ауылы арасындағы Шемонаихин ауданында 15 көлік жолда қалды.
«Түн ортасында 21 адам, соның ішінде 3 бала қар құрсауында қалды. Оқиға орнында ТЖ, жергілікті атқарушы орган өкілдері болды. шаруашылық қожалығының тракторы мен бір кәсіпорынның техникасы жұмылдырылып, қар тазартылды. Көліктерді Усть-Таловкаға дейін шығарып салды», - делінген ТЖД хабарында.
Түнде шамамен сағат екілерде Жарма ауданының ӨҚ -55 өрт сөндірушілері екі адамды құтқарды, олар Қалбатау ауылынан 20 км жерде жолда қалып қойған. Ескерту мен тас жолдардың жабылғанына қарамастан адамдар жолға шығып кеткен. Алайда алысқа ұзай алмаған. Құтқарушылар оларды Қалбатау ауылына дейін жеткізіп салды. Олар медициналық көмекке жүгінбеді.
Хабарда айтылғандай, қазіргі таңда жол қызметінің ақпарынша, ертеңгісін екі тас жол ашылған: «Өскемен-Семей», «Қалбатау-Уланское». «Өскемен-Шемонаиха- РФ ш.» бұрынғыша жабық.


