26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шымкент қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен оқу жаттығу снаряды табылды

26 желтоқсан 2014 Қаралым: 1 620

2014 жылдың 24 желтоқсанында шамамен кешкі сағат 18.50-лер шамасында, Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне Қойкелді батыр көшесіндегі орналасқан темір қабылдайтын нүктелердің бірінде екі снарядқа ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ОҚО ІІД.

Оқиға орнына Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері және ОҚО ІІД « Арлан » арнайы жасағымен ОҚО-ның әскери бөлімінің саперлері келіп жетті.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша күдік келтірген затты темір қабылдайтын орын жұмысшылары тауып, бұл туралы көшеден өтіп бара жатқан Шымкент ҚІІБ Жол патрульдік полиция экипаж қызметкерлеріне айтқан.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршап, айналадағы адамдарды қауіпсіз аумаққа шығарған. Табылған затты залалсыздандырумен « Арлан » арнайы жасағы мен әскери бөлім қызметкерлері айналысып, табылған екі оқу жаттығу снаряды тот басып қалғандықтан жарамсыз болып, адамдарға қауіп төндірмеген.

Полиция қызметкерлері оқу жаттығу снарядын тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптама жүргізілген соң табылған