26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына 1 144 талапкер есепке алынған

26 ақпан 2015 Қаралым: 877

Қазіргі таңда Қазақстанның үш әскери оқу орны жаңа курсанттарды қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Бұлар Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, екі мәрте Кеңес одағының батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты.

Әр түрлі әскери мамандықтарды меңгеруге іріктеу Қарулы Күштерден туындаған қажеттілікке байланысты. Осы себепті оқуға тіркелушілер саны әскери кәсіптің танымалдығының өсуіне қарай жылда өзгеріп отырады, дейді баспасөз қызметі.