26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

СҚО-да квазимемлекеттік секторға жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты енгізу жоспарланған

7 қыркүйек 2021 Қаралым: 1 159 Экономика
ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 8 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Солтүстік Қазақстан облысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет семинар-кеңес ұйымдастырды, негізгі тақырып – алдағы жұмыс жоспарлары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, семинар-кеңеске қызметкерлерінің саны 400-ден асатын өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары мен комплеанс офицерлері қатысты. Көптің талқысына түскен мәселе - квазимемлекеттік секторға ISO: 37001 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алдағы жұмыс жоспарлары қаралды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, өткізілетін іс-шаралардың сандық көрсеткішінен оның сапалы орындалуына көшу қарастырылған. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларды ұйымдастыруда толық әдістемелік қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта комплаенс-қызмет СҚО-ның квазимемлекеттік секторының 61 ұйымына енгізілді. Кеңеске «Protecting Business and Investments» жобасына қатысатын бизнес өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.



Дереккөз: ҚазАқпарат

Тағы оқыңыз