29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

СҚО-да майлы дақылдар алаңын 1 млн га жеткізу жоспарлануда

21 шілде 2017 Қаралым: 2 571 Экономика
СҚО-да майлы дақылдар алаңын 1 млн га жеткізу жоспарлануда

Алматы. 21 шілде. Ақпараттар орталығы. Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдар алаңын 1 млн га жеткізу жоспарлануда, деп хабарлады өңір басшысы Құмар Ақсақалов, деп жазады ҚазТАГ.

«Келер жылға біз майлы дақылдар алаңын 1 млн га жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл еңбек өнімділігін 5%-ға арттыруға және жалпы өңірлік өнім көлемін 27% жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Қ.Ақсақалов ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың бейсенбіде СҚО-ға жасаған жұмыс сапары аясында агроөнеркәсіптік кешенін дамыту болашағы туралы жиында.

Әкім өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін әртараптандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«Майлы дақылдар алаңын 200 мың га, немесе 39%-ға арттырамыз. Үш негізгі астық өсіретін өңірлер арасында аталмыш дақылдарды егу бойынша СҚО үлесі 55% құрайды (Ақмола облысы – 255,1 мың га, Қостанай облысы – 323,7 мың га, СҚО – 712,2 мың га)», - деді Қ.Ақсақалов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұршақ дәнділер алқабы да 200 мың га немесе республикалық көлемнен 59% көбейген.

«Біз неге осы дәнді дақылдарды өсіруге көштік? Біріншіден, олардың пайдасы жоғары және экспорттауға бағытталған. Ал дәстүрлі түрде алқаптарға біз дара дақылдар – бидайды егеміз. Және психологияны, қарым-қатынасты өзгерту керек. Бұл бір күннің жұмысы емес. Бұл дақылдарды өсіру - күрделі процесс. Бірақ пайдасы бар. Бүгінгі күннің өзінде майлы дәнді-дақылдарды өсірумен айналысатын аграршылар тиімділікті 50% дейін көтереді», - деп атап өтті СҚО әкімі

Оның ақпарынша, өңір экономикасында агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің 25%-ын құрайды.

«Бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығының жалпы өнімі физикалық көлемнің 101,1% индексі 57 млрд теңгені құрады. Салаға құйылған инвестиция ағыны 28 млрд тенгені құрайды. Саладағы сыртқы сауда айналымы 5 айда $24,5 млн, соманы немесе $5,9 млн өсімін құрады», - деп мәлім етті өңір басшысы.

Ол атап өткендей, жыл сайын мемлекет ауыл шаруашылық саласына барынша көмек көрсетуде, соның ішінде субсидиядар бөлу арқылы. 2017 жылы Т44 млрд сома көлемінде субсидия бөлінді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 39% жоғары.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз