26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Талдықорғанда Чернобыль апатында қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті

26 сәуір 2016 Қаралым: 1 957
Талдықорғанда Чернобыль апатында қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті

Алматы. 27 сәуір. Ақпараттар орталығы. Талдықорған қаласында Чернобыль апатында қаза тапқандарды еске алу рәсімі өткізілді. Салтанатты шара Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қоюмен басталды, деп хабарлады Алматы облысы кімдігінің баспасөз қызметі.

Чернобыль апатының 30 жылдығына арналған шараға әскери-ликвидаторлар, ардагерлер ұйымдары мен қала жастары қатысты.

Апатты оқиғаға қатысушы 50-ден астам адамның кеудесіне қала әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев медельдар тақты.

«Салдарын жою операциясына қатысушылар атынан талдықорғандық чернобыльшылар мүгедектері мен ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балтабек Көпбаев сөз сөйледі. Ол сол жылдарды еске ала отырып, әлеуметтік қолдау көрсетіп отырғандары үшін аймақ басшылығына ризашылығын жеткізді» - делінген хабарламада.

Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен, салют атып еске алды.