26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Таразда 2016 жылы төмен пайыздық үстемақымен несие бөлу қарастырылған

22 сәуір 2016 Қаралым: 1 786

Алматы. 22 сәуір. Ақпараттар орталығы.Таразда 13 жоба бойынша төмен пайыздық үстемақымен несие бөлу қарастырылған. Бұл туралы брифингте Тараз қаласы әкімі Нұржан Календеров хабарлады.

«Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы қаржыландыру көлемі 188,8 млн теңгені құрады, сонымен қатар 637 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 490 немесе 76,9% тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 2 млрд 088 млн теңге бөлінді және 933 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Ал, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының барлық құралдарымен 2015 жылы қаланың бизнес құрылымдарының 69 жобасына 3 млрд 438 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Енді 2016 жылы 13 жоба бойынша төмен пайыздық үстемақымен 1 млрд 244 млн теңгені несиге беру қарастырылған»,- деді Н.Календеров.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 50 жұмыс орнын ашатын 2 индустриалды жобаны 9 млрд 415 млн теңгеге жүзеге асыру жоспарлануда.

Екінші жарты жылдықта жылына 220 мың тонна экстракциялық фосфор қышқылын өндіретін «Минералды тыңайтқыштар зауытының» өндіріс технологиясын қалпына келтіру жоспарланған.

Бұдан басқа, әкім «Жамбылгипс»АҚ-да 270 мың гипсөнімдерін өндіретін жаңа цехтың құрылысы барысы туралы хабардар етті.

Тараз.несие