Түркістан қаласында жедел уәкілдер ҰҚТ-тың жетекшісін құрықтады
Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында, қаладағы көшелердің бірінен ҚР ІІМ-нің арнайы есебінде тұратын, 1988 жылы туылған азаматты ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі деген күдікпен құрықтады/
Күдіктіні ұстау барысында, күдікті полиция қызметкеріне бағынбай, белсенді түрде қарсылық көрсетіп, өзінің басқаруындағы «БМВ-525» маркалы автокөлігімен полиция қызметкерін соққыға жығып, белгісіз бағытқа қашып кетуге әрекет жасаған.
Күдіктіге тінту жүргізу барысында «Страж» тапаншасы оқтарымен табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, күдікті азаматтың басқаруындағы «БМВ-525» автокөлігін тексеру барысында, полиция қызметкерлері аталған автокөліктің 40 жастағы облыс орталығы тұрғынының меншігінде болғанын, 2014 жылдың қазан айында айдап әкетілген автокөліктердің тізіміне енгізілгенін анықтады.
Аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ -де ҚР ҚК 185-бабы «Автокөлік құралын айдап кету» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел тексеруі кезінде ұсталған азаматтың жасаған қылмыстары, яғни 5 жайт аса ауыр қылмысқа жататыны анықталды. Оның ішінде «Бас бостандығынан заңсыз айыру», (ҚР ҚК-нің 126-бабының 2- тармағы ), «Өкімет өкіліне қарсы тұру» (ҚР ҚК-нің 192- бабының 2-тармағы), «Автокөлікті айдап кету» (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3- тармағы ).
Қазіргі таңда күдікті Түркістан қаласындағы УҰИ-да қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.