26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Түркияда «Казкомстройбанк» соты бойынша сот Қазақстан пайдасына шешім шығарды

17 наурыз 2015 Қаралым: 842
2009 жылы Түркия азаматы Тұрғұт Тирали «Казкомстройбанк» қазақстандық жеке банктің векселін төлеу бойынша ҚР Қаржы министрлігіне қарсы Түркия Республикасында атқарушылық іс-жүргізу ісін қозғады. Тиралидің арызының негізі 2002 жылы жойылған «Казкомстройбанктің» төленбеген векселі бойынша талап болды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Түрік заңнамасында әрекеттерге наразылық білдіру үшін қарастырылған мерзімдерді айла-шарғылар жасау арқылы Тирали ҚР Қаржы министрлігін және Қазақстан Республикасын жеке банктің векселі бойынша қарызын төлеуге міндеттейтін сырттай (тараптардың қатысуынсыз) сот шешіміне қол жеткізді.
Осыған орай 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Тиралиге қарсы жағымсыз деклараторлық талап-арыз берді. 2015 жылы 13 наурызда Анкара қаласының соты (Түркия Республикасы) ҚР Қаржы министрлігінің пайдасына шешім шығарды. Шешім Қазақстанның, яғни Қаржы министрлігінің жеке банк берген векселі бойынша жауапты емес екеніне дәлел болып табылады.
«Осы сот процесінде ҚР Қаржы министрлігінің мүдделерін ҚР Әділет министрлігі ҚР Үкіметінің консультанты «Reed Smith LLP» заң фирмасымен бірге білдіреді», делінген баспасөз хабарламасында.