Уақытылы өткізілмеген тендер ҚР оңтүстік өңірлеріндегі сараншаның қаптауына себеп болды
Алматы. 21 маусым. Ақпараттар орталығы. Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов үкімет отырысының барысында оңтүстік өңірлердегі шегірткенің қаптауына жерді өңдеу мерзімін өткізіп алу себеп болғанын мәлім етті, деп хабарлады ҚР премьер-министрі басшысының баспасөз қызметінен.
Министр ағымдағы жылы өңдеу ауданы 1,8 млн га құрағанын айтты. Бұл 2015 жылғыға қарағанда 1,4 млн га-ға аз.
«Яғни, айырмашылығы 1,8 есеге аз. Бұл жерде 2000 жылғыдай шегірткелер қаптап кеткені туралы айтудың керегі жоқ», - деді А. Мырзахметов.
Керісінше, қабылданған шаралардың арқасында аудандар жылдан жылға қысқартылып келеді.
«ОҚО-дағы ғана емес, Жамбыл облысындағы жағдайға келер болсақ, өкінішке қарай, өңдеудің оңтайлы мерзімдерін өткізіп алғанын мойындаймыз. Биыл қыс жылы болып, көктем ерте шықты. Сондықтан, шегірткелерге тойтарыс беру 15-20 күнге жылжыды», - деді министр.
Оның айтуынша, бүлінген жерлерді өңдеуге тиіс жеткізушілерді анықтау бойынша тендер де уақытылы өткізілмеген.
«Өңдеу жұмыстары сәуірдің аяғына таман жүргізілді. Авиациялық өңдеу бойынша шамамен бір айға кешіктірілді. Жер үсті өңдеу жұмыстары бойынша шамамен 15-20 күнге», - деді ол.
Соған байланысты отырыс барысында аграрлық ведомство басшысы өңір әкімдеріне тапсырма берді. «Мұнда өңір әкімдері отыр, (…) Жағдайға қарай шегіртке бар жерлерді тағы да өңдеу керек. Әкімдердің тағы да назар аударуларын және қажет болған жағдайда сараншамен күресуге қосымша шара қабылдауларын тапсырамын», - деді А. Мырзахметов.