Универсиадада биатлоншы Галина Вишневская екінші «алтын» алды
Алматы. 2 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиадада 7,5 шақырымдық спринтте алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығынан. Бұған дейін 15 шақырымдық жеке жарыста спортшы күміс жеңіп алған еді.
Хабарда атап өтілгендей, Вишневская жоғары жылдамдығын арттыра алды. Екінші айналымнан кейін ол жетінші позициядан алғашқы қатарға кедергісіз шыға алды.
"15 шақырымдық жарыста секіргеннен кейін винтовкам қарға кіріп кетті. Соған көп уақытым кетіп қалды. Ал бүгін ауа райы қолайлы, және бәрі сәтті шықты", — деді ол мәреге жеткеннен кейін.
Екінші орын украиндық спортшы Яна Бондарьға бұйырды, үшінші орынды – ресейлік Анастасия Егорова алды.


