29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда мобильді «Құқық бұзушылық картасы» пайда болады

14 шілде 2016 Қаралым: 2 492 Технологиялар,  Құқық
Қазақстанда мобильді «Құқық бұзушылық картасы» пайда болады

Алматы. 14 шілде. Ақпараттар орталығы. «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ҚР Бас прокуратурасы «Құқық бұзушылық картасы» мобильді қосымшасы әзірледі, бұл туралы үйлестіру кеңесі барысында Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті.

Асановтың айтуынша, болашақ қосымшаның басты тұтынушысы – халық.

"Біз қазір оны қол жетімді және пайдалы етеміз. Ол әркімнің қалтасында, смартфонында   болады. Мәселен, қонақ үйді жалдағысы келетіндерге карта ол ауданның қауіпсіздігі туралы ақпар береді. Ол жерде қандай қылмыстардың жасалғаны және олардың қаншалықты  жиі болатынын көрсетеді", — деді ол.

"Ашығын айтқанда, әркім қауіпсіз жерде тұрғысы келеді. Бала көшеде ойнап жүргенде немесе мектептен қайтып келе жатқанда қорықпай отыру үшін.  Аулада есірткі сатпау үшін, ал бұзақылар оны айналып өту үшін, себебі ол жерде оларға тиісті шара қолданылады. Сондықтан мұның барлығы адамдардың өздерінің белсенділігіне байланысты, ал Карта оларға көмектеседі. Сол кезде аудан да абыройлы болады, ал ол жердегі үйді немесе пәтерді барынша қымбатқа беруге немесе сауға болады", — деді Жақып Асанов.

Сонымен қатар, бас прокурор қосымшаның кәсіпкерлердің де қызығушылығын тудырады деп санайды, себебі олар бизнес жүргізуге қажет ауданды барынша мұқит таңдайды. 

"Мұның барлығы жеке талқылауды қажет етеді. Арнайы кеңес өткіземіз және Құқық бұзушылық картасының әркімге қалай көмектесетінін айтамыз", — деді ол. 

Әзірге "Құқық бұзушылық картасы» Астанада тестіленуден өтіп жатыр.  Ведомствоның айтуынша, болашақта қосымшаны Қазақстанның барлық қаласына, соның ішінде ауылдық жерлеріне де таратылатын болады.  

Тағы оқыңыз