• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 21 қаңтар. Ақпараттар орталығы – 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн. 70,3 мың этникалық қазақ келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (53,1%) ҚХР-дан, 31,3% – Өзбекстаннан, 8,7% – Түркіменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,3% – басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,3%), Маңғыстау (13,3%) және Түркістан (5,6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Cұлтан (4,1%) және Шымкент (3,9%) қалаларында қоныстанды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 11%-ды құрайды. Айта кету керек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады.

2020 жылы қандастарды қабылдаудың бекітілген өңірлік квотасына сәйкес 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ пен олардың отбасы мүшелері ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарына тұрақты тұру үшін келді: Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен) бір реттік және тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге (отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) ай сайынғы шығыстарды жабу бойынша 12 ай ішінде субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау мыналарды: – қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге субсидиялар (кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір жұмыскер үшін және кемінде бес Бағдарламаға қатысушы жұмысқа орналасқан кезде 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар) беруді; – қажет болған жағдайда техникалық және кәсіптік білім алуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде) жіберуді; – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беруді қамтиды.



Источник: ҚазАқпарат

ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026

ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы

ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования

ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные

ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению

ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну

ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с

ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной

ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы

ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности

ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков

ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан

ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для

ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395

ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области

ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме

ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы

ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области

ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены

ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы

ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области

ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас

ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР

ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти

ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом

ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий

ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в

ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ

ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро