2016 жылы 800 әскери міндетті оқу жиынына жіберіледі
15 Июля 2016
2673
World
армия,
ВС,
сборы,
офицеры,
обучение
Фото:mod.gov.kz
Алматы. 15 шілде. Ақпараттар орталығы. Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының запастағы 200-ге жуық офицері екі апталық әскери оқу-жаттығу жиындарына жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жиын жауынгерлікке барынша жақындатылған далалық жағдайда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында өтуде. Әскери міндеттілер палаткалы лагерьде орналастырылды, азық-түлікпен, киім-кешек мүлкімен, далалық сабақтарға арналған әскери киім нысаны және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.
"Палаткалы қалашықта сабақтарды сапалы өткізу және әскери міндеттілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ақпараттандыру, тәрбие жұмысы және тынығу бөлмесі, ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету пункті, душ қабылдау кабиналары, медициналық пункті бар",— делінген баспасөз парақшасында.
Екі апталық жиында запастағы офицерлерді мотоатқыш, танк әскерлері және артиллерия әскерлері мамандықтары бойынша взвод командирінің іс-қимылдарына оқытып-үйретеді. Бұл ретте практикалық сабақтарға негізгі назар аударылған. Қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тактикалық даярлық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпыәскери жарғылар бойынша оқып-үйренеді. Одан басқа, оқ ату мен саптық даярлықтың тереңдетілген курсы күтіп тұр. Әскери жиын аяқталғаннан кейін оқуды сәтті аяқтаған және оң мінездеме алған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ тапсырылады.
Алматының қорғаныс істер департаментінен хабарланғандай, осы жылы 800-ге жуық әскери міндетті жиыннан өтеді. ҚӘ ӘИ оқу-жаттығу орталығының базасындағы сабақтарға запастағы 300 офицер тартылады. Кейіннен тағы да 200 әскери міндетті Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағына жөнелтіледі. Ең соңында Гвардейск қүк. оқу-жаттығу орталығына 300 әскери міндеттіні жөнелту жүзеге асырылады.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Write to us




