• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

2050 жылға қарай Қазақстан халқы 25 млн адамға дейін өсуі болжанды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 10 тамыз. Ақпараттар орталығы -   Қазақстанда 2050 жылға қарай жұмыс күшінің саны шамамен 11,4 млн адамды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады. Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға жетіп, 2040 жылы бұл көрсеткіш 10,7 миллионды құрайды, ал 2050 жылға қарай 11,4 миллионға дейін өседі деп есептейді. Бұл ретте, болжамдық негізгі сценарий бойынша 2030 жылға қарай ел халқы шамамен 20,7 млн адамды құрайды, 2040 жылға қарай аталған көрсеткіш 22,9 млн адамға дейін жетіп, ал 2050 жылға қарай 25,5 млн адамға дейін өседі деп күтілуде. «Болжамға сәйкес 2030 жылға қарай туудың жоғары деңгейі мен халықтың қартаюына байланысты жұмыс күшінің халыққа пайыздық қатынасы 46,7%-ға дейін төмендейді. Бұл экономикалық белсенді халыққа жүктеме өсетінін білдіреді», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков. Сондай-ақ, өз болжамында ЕРДО сарапшылары 2050 жылға қарай халық санының өңірлік сәйкессіздігінің күшейетінін атап өтті. Тұрғындар санының ең көп өсуі республикалық маңызы бар қалаларда күтіледі: Нұр-Сұлтан – 2,7 есе (1,9 миллион), Алматы – 1,8 есе (1,6 миллион) және Шымкент – 2,4 есе (1,5 милллион). Бұдан басқа, Маңғыстау облысының халқы екі есеге (1,4 млн адамға дейін), Түркістан облысында 500 мыңға (2,5 миллионға дейін), ал Алматы облысында 700 мыңға (2,8 миллионға дейін) көбеюі ықтимал. Ағымдағы туу, өлім-жітім және көші-қон коэффициенттері тұрғысында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының біртіндеп төмендеуі байқалатын болады. Алайда, мысалы, егер жалпы туу коэффициенті көрсетілген аймақтарда уақыт өте келе айтарлықтай өсіп, тұрғындардың қоныс аударуы төмендесе (этникалық құрылымының өзгеруіне және нақты кірісінің артуына байланысты), онда осы аймақтардағы халық саны тұрақтануы мүмкін. Жалпы, 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді демографиялық болжам мынадай бағыттар бойынша жасалды: халықтың жалпы саны, халықтың жас құрамы, 2050 жылға қарай сценарийлер бойынша жас құрамындағы айырмашылықтар, өңірлік сәйкессіздіктер, өңірлер бойынша халық саны, демографиялық қарқын, жұмыс күшінің саны, жұмыс күшінің құрылымы мен орташа жасы, оның өңірлік сәйкессіздіктері, өңірлер бойынша бөлу және тағы басқа. Сонымен бірге, одан әрі 2021 жылғы демографиялық көрсеткіштердің нақты өзгерістері негізінде (халық санағын ескере отырып) осы болжамға түзету жасау жоспарлануда. «Болжам төрт құрамдас бөліктің негізінде құрылады: халықтың бастапқы нақты саны, туу, өлім-жітім және халықтың көші-қон қозғалысы. Бұл 2022 жылдың өзінде жаңа статистикалық деректер бүгінгі таңда өзекті болып отырған бағалаулардан айтарлықтай ерекшеленетін жағдай болуы мүмкін дегенді білдіреді. Тиісінше бұл демографиялық болжамды жаңарту қажеттілігіне әкелуі мүмкін», - деп түйіндеді Дмитрий Шумеков.



Источник: ҚазАқпарат

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе