АДБ Қазақстанға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті институционалдық қолдауды ұсынады
Алматы. 23 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев Азия даму банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Джованни Капанеллимен кездесу өткізді, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан.
ҚР ҰЭМ мәлімдегендей, тараптар АДБ әзірлеп жатқан 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясы шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.
Қ. Бішімбаев АДБ-мен ынтымақтастықты нығайтудың, бірлескен басым жобаларды одан әрі іске асырудың, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыруда банктің қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Джованни Капанелли инвестициялық жобаларды іске асыру салаларын нығайту және кеңейту үшін АДБ қажетті институционалдық қолдау көрсететіндігін баса айтты.


