«Әкімдік қайда қарап отыр»: ауыз сусыз қалған қарағандылықтар шағымданды
20 Августа 2021
1244
Социум
Алматы. 20 тамыз. Ақпараттар орталығы - Қарағанды қаласының іргесіндегі аудан тұрғындары бір аптадан астам уақыт ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Ұзақ жылдарға жалғасқан бұл мәселе жергілікті халықты да мезі еткен. Себебі бау-бақшасы қурағаны былай тұрсын, қазылып, бірақ қайта жабылмаған арыққа балалар түсіп кете ме деп алаңдайды. Бұл аудан тұрғындары үшін мына 5 литрлік бөтелкеден асқан құнды зат жоқ. Қаланың іргесінде тұрса да, су тоқтаса болды, тіршілік нәрін осымен тасып үйдегі ыдыстарды толтырып алады. Себебі үйге келетін құбыр бір жөнделіп бітпей қойған. Бұрын сыздақтап ағатын ауыз су бір аптадан бері мүлде тоқтап қалған. «Үлкен Михайловка» деп аталатын ауданға су жекеменшік мұнарадан келеді екен. Онда 75 тонналық қазандық бар. Тұрғындар ай сайын жан басына шаққанда 375 теңгеден төлейді. Су әр көшенің басындағы ортақ құдық арқылы келеді. Бірақ кейбірі су құбырын өзінің үйіне дейін тартып алмақ болған. Осы кезде су құбыры тесілген.
Николай Чукалин, жекеменшік су мұнарасын жалдаушы: – Бұл жердегі су құбырлары не темір, не пластмасса емес, бетон трубалардан жасалған. Яғни асбестік трубалар деп аталады. Олар осыдан 50-60 жыл бұрын тартылған. Экскаватор келіп қазып жатқанда, сол бетон трубаны бірақ күйретіп кеткен. Салдарынан мына су далаға кетіп жатты. Жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарға бүгін су беріледі.
Мәди Идрисов, Қарағанды қаласының тұрғыны: – Бір демалыс бойы 150-200 отбасы сусыз отыр. Мына жақтан тасып әкелеміз. Сонда әкімдік қайда қарап отыр? «Қарағанды су» әдетте су болмағанда тасып әкелуші еді, ондай да көмек жоқ. Ал жергілікті әкімдік болса қала іргесіндегі аудан тұрғындарының мәселесін біледі. Және келер жылдары ұзақ уақытқа созылған су мәселесі толығымен шешіледі деп отыр.
Бейсен Үсенов, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары: – Қазіргі таңда су құбырын салу жобасы аяқталды, сараптамада жатыр. Ол аяқталған соң келесі жылы құрылыс басталады. Келер жылы орталық су құбырына қосылады.
Әкімдік аталған ауданда ресми 188 үй бар дейді. Тұрғындар
болса 400-ге жуықтадық деп отыр. Апталап судың болмауы салдарынан бау-бақшасы қурап
сусаған халық орталық суға қосыламыз деген уәдеге үмітпен де, күдікпен де
қарайды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




